2021 жылғы 18 наурызда 1 курс студенттерінің Петропавл станциясындағы ЖПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры У.Б. Жоракуловамен және Петропавл станциясындағы ЖБЖ ЖПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ы.Б.Жолайымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты теміржолда білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, сондай-ақ жастардың бойында құқықтық сананы қалыптастыру болып табылады.
Әңгіме барысында: темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ; қоғамдық орындардағы мінез-құлықтың негізгі ережелері; ҚР Қылмыстық және әкімшілік кодекстеріндегі новеллалар; есірткі және уытты заттарды қолданудың зияны туралы мәселелер қозғалды. Есірткінің түрлері.
Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.